{metadescription}
Мүгедек баланы зорлаған жасөспірім сотталды

Мүгедек баланы зорлаған жасөспірім сотталды

Оңтүстік  Қазақстан облысында мүгедек баланы зорлаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  17 жастағы айыпталушы 11 жылға соттады.

Аталған соттың үйлестіруші-судьясы Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, қылмыстық оқиға өткен жылдың 17 қазан күні болған.

2001 жылы туған сотталушы сол күні үйіне ішімдік ішіп, мас болып келген. Тіпті жоғары қабаттағы  пәтеріне де көтеріле алмаған.

Сол кезде 14 жастағы жәбірленуші жеткіншек оған көмектесіп, үйіне кіргізіп жібереді. Осыны пайдаланған жасөспірім мүгедек баланы пышақпен қорқытып, зорлаған.

Ертесіне жәбірленуші болған оқиғаны ата-анасына айтқан. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындамағанымен, сот-медициналық сараптама қортындысымен баланың зорланғаны дәлелденді. Енді 17 жастағы жасөспірім 11 жыл 3 ай мерзімін қатаң тәртіптегі түрмеде  өткізетін болды.

Бұл үкімді Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы күшінде қалдырды. 

Дереккөз:ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.