{metadescription}
Қазақстандық спортшы Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық спортшы Германияда өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Алтынбек Бахтыгельдинов Германияда өткен  IFC турнирінде чемпион атанды.

Германияның Витлих қаласында өтетін IFC турнирінде сынға түскен отандасымыз жергілікті спортшыға қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

3 раундқа созылған сайыста Алтынбек қарсыласы Эугена Диллден бір бас жоғары екенін көрсетіп, жергілікті спортшыны қапы қалдырды. Осылайша, отандасымыз IFC тұжырымының чемпиондық белбеуін иеленді. 

Айта кетейік, Алтынбек Бақтыгелдинов соңғы жекпе-жегін К-9 «Сила России» турнирінде өткізіп, Эдуард Бабаянды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Дереккөз: Qsport.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.