Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды
Журналист тікелей эфирде футбол жанкүйерін микрофонмен ұрды.
11:38 08.05.2018
Агенттіктің хабарлауынша, Fox Sports Mexico каналының тілшісі Мария Фернанда Мора тікелей эфирде өзіне тиіскен жанкүйерді қолындағы микрофонмен ұрған.
Мора Гвадалахара қаласындағы стадионда өткен матчтан кейін репортаж жүргізіп тұрған, ол кездесуде жергілікті команда Торонто клубын жеңді. Журналисті жанкүйерлер қоршап алып, артында тұрған ер адам оған қол жүгірткен.
"Мора оператордың сюжетті аяғына дейін түсіруіне мүмкіндік беріп, ол аяқталған соң артында тұрған жанкүйерді микрофонмен бірнеше рет ұрып, бірдеңе айтты. Ол да жауап беріп, кетіп қалды", - делінген жарияланымда.
Тілші өз қылығы үшін өкінбейтінін Twitter арқылы жазған.
"Бейсенбіде менімен болған жағдай қоғамдық орындарда мыңдаған әйелдің басынан өтеді. Айырмашылығы, бұл жағдай менің басымнан тура тікелей эфир кезінде өтті және мен өзімді қорғайын дедім", - деген.
Twitter қолданушылары #UnaSomosTodas (Бәріміздің біріміз) хэштегі арқылы журналистке қолдау көрсетті.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram