ВИДЕО: Әкесі екі жастағы ұлын аяусыз сабады
Ресейдің Липецк қаласында әкесі екі жастағы ұлын аямай сабаған.
12:20 21.05.2018
Ұрып жатқаны көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланып, жұрттың ашуын туғызды.
Кадрларда жыны ұстаған әкесі жылаған баласын құлағынан ұстап алып тартып қалғанда сәби жерге бетімен тарс етіп құлағанын көреміз.
Еркек баланы ұстап алып енді арқасынан ұрып жатыр. Бұл көріністі шешесі үндемей бақылап тұр.
Бейнежазба құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қолына түсіп, бірнеше сағаттан соң қатыгез әке табылды.
Ол Липецк қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Екі жастағы ұлынан соң жаңа туған қызы бар отбасы дәулеттілер қатарына жатады екен.
Алдын ала мәлім болғандай, ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!