{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Қазақ актрисасы шетелдік агенттіктер лентасында!

Канн кинофестивалінде үздік әйел рөлі аталымын жеңіп алған қазақ актрисасы Самал Еслямова туралы барлық шетелдік агенттіктер жарыса көрсетуде. Соның бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Канн кинофестивалінің бас марапаты - пальма бұтағы жапондық режиссер Хирокадзу Корээданың "Дүкенннің ұрлықшылары" картинасына бұйырды. Хирокадзудің айтуынша, көрермендер картинаны жылы қабылдады.  

"Шынымды айтсам, мен бақыттымын. Сене алмай тұрмын. Ал енді фильм жайлы айтар болсам, біз бәріміз - актерлер, техникалық мамандар жақсы жұмыс атқардық деген сезімдемін, - деді ол.

Маңыздылығы жағынан екінші Гран-приді америкалық Спайк Лидің  "Қара ку-клукс-кландық" фильмі еншіледі. Осыдан 30 жыл бұрын ол Каннда өзінің тұңғыш "Қажетінше дұпыс істе" картинасын ұсынған еді. 

 Үздік режиссер - польшалық Павел Павликовский. Фильмінің аты "Сұрапыл соғыс". 

Үздік еркек рөлін сомдаған - италиялық Марчелло Фонте (Догмэн). 

Ал Қазақстаннан Самал Еслямова әйел рөлін керемет сомдай білген актриса атанды.

Самалға бұл сыйлықты ресейлік режиссер Сергей Дворецкийдің "Айка" фильмі әкелді.

Картинада Қырғызстаннан келіп Мәскеуде нәресте туып, қаражаттың жоқтығынан баласын тастауға мәжбүр болған қыздың тағдыры бейнеленген.

"Айка" фильмінен үзінді:

Авторы: Festival de Cannes (Officiel)

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде