ВИДЕО: Астанада екі жасар сәбидің қолы эскалаторға қысылып қалды
Астананың Орталық базарындағы эскалаторда екі жасар қыздың қолы қысылып қалды. Оқыс жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарады.
19:21 22.05.2018
Бүгін, 22 мамырда жабық Орталық базарда (Алаш тас жолы, 19/1) эскалатордың апаттық жағдайы кесірінен бүлдіршін зардап шекті. Жедел жәрдем қызметі көмек көрсетіп, баланы №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Бүлдіршінді қабылдау бөлімінде дәрігерлер қарап шықты. Қолындағы жарақатына бастапқы-хирургиялық өңдеу жасалып, гипспен таңылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілді, - деп хабарлайды Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Видео: МИА КАЗИНФОРМ
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары