Василий Ломаченко чемпиондық белбеуінен бас тартты
2016 жылы маусымда ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы пуэрторикалық Роман Мартинесті (29-3-3, 17 КО) нокаутқа түсіріп, артынша төрт рет осы белбеуді сәтті қорғаған.
10:40 24.05.2018
Украиналық боксшы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) чемпиондық белбеуінің бірінен бас тартты.
Еске салайық, украиналық боксшы 12 мамырда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Хорхе Линаресті (44-4, 27 КО) нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. 2016 жылы маусымда ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы пуэрторикалық Роман Мартинесті (29-3-3, 17 КО) нокаутқа түсіріп, артынша төрт рет осы белбеуді сәтті қорғаған еді.
Бүкіләлемдің бокс ұйымының (WBO) ресми парақшасында Ломаченконың екінші жартылай жеңіл салмақта белбеуден бас тартқанын мәлімдеді.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!