{metadescription}
БҚО-да 500-ден астам шетелдік азамат жауапқа тартылды

БҚО-да 500-ден астам шетелдік азамат жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысында бес күнде елде болу ережесін бұзған 501 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда қанша қырғыз мигранты бар Солтүстік Қазақстанда қайыр сұрап жүрген шетелдік ұсталды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,  «Заңсыз келуші- 2018» жедел алдын алу шарасына күн сайын 270 қызметкер жұмылдырылды.

 Сондай-ақ Қазақстанға шетелдік азаматтың келу ережесін сақтамаған 56 қазақстандық азамат және жұмыс күшін тарту ережесін бұзған 25 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Шекаралық тәртіпті және елде болу ережесін бұзған 20 шетелдік жазасыз қалмады.

 3 шетелдік қоғамдық орында тәртіп бұзып «көзге түсті».  

Қазақстан аумағынан 101 шетелдік азамат шығарылды.

ҚР көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 187 шетелдікке елде болу мерзімі қысқартылды. БҚО ішкі істер департаменті қабылдау-тарату орнына құжатсыз жүрген 35 азамат жеткізілді. Сонымен қатар елден шығару жөніндегі шешімді орындамағандарға қатысты ҚР ҚК 393-бабына сәйкес  7 қылмыстық іс қозғалды


ДЕРЕККӨЗ:  inform.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.