{metadescription}
Екібастұз тұрғыны 10 жасар баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты

Екібастұз тұрғыны 10 жасар баланы өртеніп жатқан үйден алып шықты

Өкінішке қарай, үй ішінде болған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз-қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеншілер шаһарының жекеменшік тұрғын үй секторында түнгі 03.00-де болған.

Мамандардың пайымдауынша, өрт  электр желілерінің өрт қысқы тұйықталуынан болған.

Қызыл жалын 22 шаршы метрлік аумақты шарпыды. Осы сәтте түнгі уақытта далада жүрген азамат өртенген үйге кіріп, баланы алып шықты.

Өртенген үйдің ішінен 42 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Азамат 10 жасар баланың әкесі болып шықты. Бала психологиялық тұрғыдан зардап шекті. Қазіргі уақытта оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Облыстық ТЖД өрт саласындағы қауіпсіздікті бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мәліметінше, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 163 өрт тіркеліп, 12 адам көз жұмған.

 

ДЕРЕККӨЗ: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.