Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қырғызстан түрмесінде үш тұтқын аузын тігіп тастады
Қырғызстанның №16 түзету колониясында үш тұтқын ауыздарын тігіп тастаған.
12:25 31.05.2018
ЖОМҚ баспасөз хатшысының мәлімдеуі бойынша, үшеуі ішкі тәртіпті бірнеше рет бұзған.
Колония басшылығының шешімімен бір айға айып изоляторына жіберілген. Бұл шешімге наразы болып, омбудсменге шағымданыпты.
Ауыздарын тігіп тастаған үш тұтқынның туыстары оларды түрмеде жиі ұрып-соғатынын айтып, Ақиқатшы институтына шағымданған.
Аталған институттың бостандығы шектелген мекемелерде адам құқықтарының сақталуын бақылайтын бөлім басшысы Альберт Колопов түрмеге келіп, наразылық білдіргендердің тілегін тыңдаған.
Бөлім басшысы олардың бір айға айып изоляторына ауыстырғанын, сондай-ақ бұл шешімге наразылық білдіріп, үшеуі де ауыздарын тігіп, қарындарын жарғанын.Және де өздерін нашар сезінетіндерін, ауруханаға ауыстыруын сұрағанын айта кетті.
Түрме тәртібін бұзған үш тұтқынды айып изоляторына бір ай емес, бес күн отырғызуға шешім қабылданған. Тұтқындардың аты-жөні аталмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram