Төрт айда менингококк инфекциясын 4 адам жұқтырып, екі бала қайтыс болған
Жұқпалы дерттен көз жұмғандардың бірі 7 жасар бала. Шымкент қаласының тұрғыны.
13:35 31.05.2018
2011 жылы туған бала осы жылдың 5 қаңтар күні ауырған. Сол күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Алайда алған еміне қарамастан жағдайы нашарлап, 6 қаңтар күні түнде сағат 00.30-дар шамасында қайтыс болды.
Онымен қарым-қатынаста болған 238 адам тексеріліп, тек әкесінен ғана аурудың қоздырғышы анықталып, азамат ауруханаға жатқызылып, емделіп шықты.
Менингиттен көз жұмған екінші бала Тассай елді мекенінде тұрған, бүлдіршін небәрі 2 жаста болған. Емдеуге кеш келгендіктен баланы дәрігерлер аман алып қала алмаған. 63 адам бақылауға алынып ешбірінен аурудың белгілері анықталмаған. Бірақ 63 адамның 59-ы балабақшаның тәрбиеленушісі болса, қалған 4-уі туыстары.
Өткен жылы 12 адам менингитті жұқтырып, бір адам өлімі тіркелген. 2016 жылы 13 адам жұқтырса, 2015 жылы 32 адам ауырып, оның 5-уі қайтыс болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!