Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Халал ет өнімінен шошқаның ДНҚ-сы табылды
Астанада қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау үшін 330 үлгіні зерттеуден өткізген, оның ішінде 33 ет өнімі болды.
20:23 31.05.2018
Зертханалық зерттеудің нәтежиелері бойынша ет өнімінің бесеуі Еуразия экономикалық одағы техникалық регламентінің таңбалау бойынша және төрт үлгіден қауіпсіздік көрсеткіші (шошқа ДНҚ-сы) бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.
Халал өнімдердің құрамынан шошқа ДНҚ-сының табылуына қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде нақты мысалдар келтірілді.
«Шошқа ДНҚ-сы» мына өнімдерде табылды: «Байрам» халал піскен шұжығында, «Бақташы» және «Silla» сиыр етінен жасалған пісірілген шұжық, Ақтөбеде жасалған «РОКОС Ко» ЖШС, сондай-ақ «Целых из Петропавловска» ЖК өндірген «ХАЛАЛ» және «мұсылман» тұшпаралары», - деп нақтылады ведомствода.
Сондай-ақ, өндіруші бұл өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін көрсетпей, тұтынушыларды адастырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram