{metadescription}
ВИДЕО: Дін қызметшісі ойын автоматының алдында ішімдік сіміріп отырған

ВИДЕО: Дін қызметшісі ойын автоматының алдында ішімдік сіміріп отырған

Алкогольдік ішімдік ішіп, айқай шығарған ойын автоматының алдындағы румыниялық дін қызметшісі видеоға түсіп қалды.

Құдайға ғана табынатын дін қызметшісінің ерсі қылығы жұртты шулатуда.

Румынияның Ботосани қаласында православ дін қызметшісінің киімін киіп алған ер адам ойын автоматының алдында ұсталып қалды.
Ол сыраны сімірте ішіп,  ойын автоматының алдында жеңілісіне көңілі толмағанын дөрекі сөздермен білдіріп отырған.  Бұл бейнероликтін ғаламторда таралуы үлкен наразылық тудырды.
 
Дін қызметкерінің киімін киген ер адамның іс-әрекеті рухани ортаның назарынан тыс қалмады.
Жауапты дін өкілдерінің сөзінше, бұл адам қасақана осы әрекетке бару үшін діни киімді киген дейді.

Олардың айтуынша, қалай болғанда да, бейнероликтің кейіпкері бүкіл Молдова аймағындағы шіркеулер мен ғибадатханалардың  діни қызметкері немесе монахы емес.

Алайда біреуге ойын автоматтарында ойнау үшін бұндай киім киюдің  не керегі бар деген сұраққа жауап бере алмады.
 Дін қызметшілеріне ойын-сауықтық  емес, пайдалы көңіл көтеретін іспен айналысу белгіленген.Мысалы — саябақта,тауда серуендеу. Ал карта ойнау немесе құмар ойындарға тыйым салынған, - дейді дін өкілдері.
 
Алайда, бұл пайым кейбір қызметшілерге әсер етпейтін секілді.

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.