{metadescription}
Брэд Питт пен Анджелина Джоли ажыраспайтын болды

Брэд Питт пен Анджелина Джоли ажыраспайтын болды

Брэд Питт пен Анджелина Джоли ажыраспайтын болды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр. Папараццилердің назарынан тыс қалған құпия бар ма? 

Ең сұлу әрі атақты жұптың ажырасу процесі ұзаққа созылып кеткен. Ақыры Джоли күйеуінің көңілін аулап, балаларымен тұрып жатқан үйінің кілтін беріпті. Олардың кездесуі сондай "құштарлы" болған деседі. Бірақ бұл туралы дәлел жоқ. Дегенмен екеуінің ара қатынасы содан бері жыли түскен. 

— Бұл өте ыстық және жарқылдаған найзағайдай болды. Олар өткен өкпе наздарын ұмытып, бірін бірі кешірді. Өткен проблеманы да ұмытты. Екеуі тек бір-бірі үшін жаралғанын түсінді, — деді жұлдызды жұптың жақын досы.

Бірақ, негізінде екеуі қалай кездескені белгісіз. Себебі Питт Голливудта жұмыс істесе, Джоли Ұлыбританияда түсірілімде жүр.
Дегенмен жұп өткен проблемаларын ұмытып, отбасын сақтап қалуы әбден мүмкін. 

Екеуінің үш асырап алған және үш өз балалары бар. Балалары анасымен тұрып жатыр. 

Дереккөз: fishki.net

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде