{metadescription}
Бүгін — Қадір түні

Бүгін — Қадір түні

Бүгін маусымның 11-інен 12-іне қараған түн — Қадір түні.

Қасиетті Рамазан айы аяқталып келеді. Бүгін маусымның 11-інен 12-іне қараған түн — мың айдан да қайырлы — Қадір түні.

Қасиетті Құранда Алланың өзі: «Қадір түні мың айдан да қайырлы!» дейді. Әлемдегі ең құдіретті кітап — қасиетті Құранның ең алғашқы аяттары адамзаттың асыл тәжі — ең соңғы Пайғамбарға дәл осы түні түсе бастады! Адамзат тарихындағы ең қасиетті оқиға басталған түн өзіне дейінгі және өзінен кейінгі ақыретке дейінгі күндер мен түндерден, айлар мен жылдардан қайырлы десек те, қателесе қоймаспыз.

Қадыр кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады.

Еске салайық, биыл 17 мамырда басталған Ораза айы 14 маусымға дейін жалғасады. 15 маусым (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады. Пітір садақа құны бір адамға — 300 теңге.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде