Қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды
Қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды

Қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды

Қазақстандық теннисшілер Жасөспірімдер Олимпиадасының жолдамасынан қағылды.

Бұл туралы ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі ресми түрде мәлім етті. «Тынық мұхитындағы Раротонга аралында үстел теннисінен Жасөспірімдер Олимпиадасына ең соңғы іріктеу турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық жас спортшылар үшін Олимпиаданың есігі жабық» делінген.

Бірінші мұхитаралық турнир Африкадағы Тунисте өтті. Азиядағы лицензиялық турнир Үндістанда, кейін Латын Америкасында, Еуропада, Океания мен Солтүстік Америкада өтті. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. 32 бозбала мен 32 бойжеткен Олимпиада кезіндегі жекелей сайыстар мен аралас командалық турнирлерде өнер көрсететін болады. Соңғысы үш нұсқамен берілген. Жігіт пен қыз бір ҰОК-нен болады, екінші нұсқасы - әртүрлі ҰОК-нен іріктелген бозбала мен бойжеткен болады, алайда олар бір мұхиттан және мұхиттық команда болып есептеледі.

Үшінші нұсқасы - экстремалды - әр түрлі ҰОК-тен іріктелген жігіт пен қыз. Олар сан түрлі мұхиттардан келген және командаларының атаулары да мұхитаралық болмақ.

Өкінішке қарай, қазақстандық Айдос Кенжеғұлов (Орал) пен Зәуреш Ақашева (Қарағанды) Буэнос-Айрес жолдамасынан үміт үзді. Олар Раротонга аралында екі күн ішінде екі жеңіліс тауып, лицензияға таласу құқығынан айырылды.

Еске салайық, төрт жыл бұрын Нанкиндегі (Қытай) ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында үстел теннисінен Қазақстан намысын Кирилл Герасименко (Астана) мен Юлия Рябова (Қарағанды) қорғады.  

Дереккөз: Қазақпарат


 


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.