Шымкенттің Абай ауданында шетінеген нәрестенің денесі табылды
ВИДЕО: Шымкенттің Абай ауданында шетінеген нәрестенің денесі табылды

ВИДЕО: Шымкенттің Абай ауданында шетінеген нәрестенің денесі табылды

Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғындары көшеден жаңа туған сәбидің денесін тауып алды.

Ақ дәкеге оранған баланы жеке үйдің дуалының  жанынан таңертең намазға бара жатқан тұрғындар тапқан көрінеді. Оқиға орнында қан іздері болған, соған қарағанда нәресте туа салысымен шетінеген болуы мүмкін.

Мәліметтер бойынша шақалақты анасы сол маңда дүниеге әкелген. Бірнеше метр жерде қан іздері байқалған. Босанған кезде сәбидің басына зақым келсе керек. Баланың денесін қарап шыққан полиция қызметкерлері нәрестенің бас жарақатын алғанын анықтады.

Құқыққорғау органдарының өкілдері жағдайды анықтау үшін көршілерден жауап алды.

Видео авторы: TVK TV

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...