Елімізде туристерді сақтандыру схемасы өзгеруі мүмкін
Елімізде туристерді сақтандыру схемасы өзгеруі мүмкін

Елімізде туристерді сақтандыру схемасы өзгеруі мүмкін

Елімізде туристерді сақтандыру схемасы өзгеруі мүмкін.

Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Заң жобасы қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғаудың тиімді механизмін құруға, қор нарығын дамыту шарттарымен қамтамасыз етуге, қазіргі заң жобасын халықаралық тәжірибелерге сай келтіруге және жетілдіруге бағытталған.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі ретінде онлайн-сақтандыру жүйесін енгізуді атап өтуге болады. Сақтандыру саласын цифрландыру халыққа кеңсеге келмей-ақ сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы келісімді электронды форматта жасауға мүмкіндік бергелі отыр.

Алдағы уақытта делдалдардың бұл іске араласпауы сақтандыру бағасын төмендетеді деп күтілуде. Шетелде демалуды қолай көретін қазақстандық туристерді қорғау мақсатында оларды сақтандырудың схемасы өзгертілмек. Нақтырақ айтқанда, туристердің мүліктік мүдделерін міндетті түрде сақтандыруға көшу қарастырылған. Туроператорларға туристі міндетті түрде сақтандыру туралы келісімшартқа отырғызу міндеттеледі. Бұған қоса сақтандыру ұйымын таңдау құқығы беріледі. Заң жобасы сақтандыру қызметінің жаңа түрін - жүктемелі сақтандыруды енгізуді көздейді. Сақтандыру омбудсманының лауазымы кеңейтіледі. Халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметінің құнын төмендету және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған шектеуді қарастыратын шаралар легі енгізілгелі отыр. Заң жобасы палатаға жолданды.

 


 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.