Елімізде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бірыңғай тізімі жасалады
Елімізде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бірыңғай тізімі жасалады

Елімізде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бірыңғай тізімі жасалады

Елімізде әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының бірыңғай тізімі жасалады.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Отырыста заң жобасы жөнінде баяндаманы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жасады.

«Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеңілдіктердің артықшылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін тәсілдерді енгізуді көздейді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру арқылы жаңа әлеуметтік саясатты үйлестіру бағытында тиісті тапсырма беріп отыр. Осы ұсынылып отырған заң жобасының ең маңызды нормалары келесі мәселелерді қамтитын болады», - деген ол көзделіп отырған толықтырулар туралы кеңінен айтып берді.

 Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізуді тапсырды. Осыған сай, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға 18 жастан асқан, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітіліп отыр. Негізі ол жәрдемақыға құқығы бар 14 мың отбасы бар. Негізі жәрдемақы мөлшері - 29 699 теңгені құрайды.

Екіншіден Елбасының екінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру үшін салық кодексіне өзгерістер енгізілмек. Кірісі 25 АЕК аспайтын қызметкерлерге салық салудың оңтайлы механизмі ұсынылады. Оларға салынатын салық 90 пайызға азайып, алатын жалақысына 10 пайыздық мөлшермен жеке табыс салығы салынады. Яғни, бұл салық жүктемесін он есеге азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жеке табыс салығының кезеңі бір жыл болғандықтан, аталған механизм 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмыс істейтін болады.

Үшіншіден, мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мақсатында бірқатар өзгертулер қарастырылып отыр. Бұл үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңға уәкілетті органның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу және қаржыландыру тәртібін әзірлеу мен бекіту қызметі бойынша түзетулер бар. Бұл түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар азаматтардың отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуына мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жаңғыртылып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ұйымдары мен мамандарының бірыңғай тізімін қалыптастыру көзделіп отыр.  «Заң жобасы әлеуметтік саясаттың теңдігін арттыруға, оның ішінде мемлекеттік органдардың фнукцияларын айқындауға, әлеуметтік кепілдіктерді және құқықтарды жүзеге асыруға, әлеуметтік қолдаулардың шарттарын нақтылауға мүмкіндік береді.

Жалпы, заң жобасы іске асыру үшін 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қажетті шығыстар қарастырылған. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дербес салдарларға әкеп соқпайды», - деп түйді Светлана Жақыпова.


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...