Назарбаев ӘЧ ашылу салтанатына қатысу үшін Ресейге барды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.
18:45 14.06.2018
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуы және турнирдің Ресей Федерациясы мен Сауд Арабиясы құрама командалары арасындағы бірінші ойынын көруі жоспарланған.
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді.
Мундиальдің ашылу салтанаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында 14 мамырда Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.
Ал, жарты сағат өткеннен кейін Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!