Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
АҚШ мектебінде атыс болып, екі адам жарақаттанды
АҚШ-тың Канзас штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды.
09:36 04.07.2018
Оқиға 3 шілде күні Канзас-Сити қаласының маңында орналасқан Оверленд-Парк қаласындағы «Санрайз» бастауыш мектебінде болған.
Зардап шеккендердің екеуі де мектеп маңындағы балалар алаңында жұмыс істеп жатқан жалдамалы жұмысшылар. Оверленд-Парк қаласының полициясы олар ауыр халде жатқандығын растады.
Күдікті де жалдамалы жұмысшы екені айтылуда. Ол зардап шегушілермен арада болған даудан кейін атыс ұйымдастырған. Оқиғадан балалар зардап шеккен жоқ.
Күдікті атыстан кейін спорттық-утилитарлық автомобильді айдап кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция күдіктіні іздеп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram