Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жалынға оранған көліктің ішінен 3 жасар баланың мәйіті табылды
Түркістан облысында 3 жасар бүлдіршін өртенген көліктің ішінде қалып қойған.
17:25 06.07.2018
4 үй өртеніп кетті. Тағы жалынға оранған көліктің ішінен 3 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің харалауынша, қайғылы жағдай Сарыағаш ауданының Жемісті ауылында болған.
«6-шы шілде күні күндізгі сағат 13.23-те кезекші бөлімге Жемісті ауылында 4 үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 15 сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ аудандық ІІБ-нің жедел-тергеу тобының 20 қызметкері 4 техникамен жеткен. Жалын бір көшенің бойындағы 4 үйге тарағаны анықталды. Бір үйдің ішінде «Ваз-2106» маркалы көлік өртеніп, оны төтенше жағдайлар қызметкерлері сөндіріп алған. Көліктің ішінен 2015 жылғы баланың мәйіті табылды», - делінген хабарламада.
Тілсіз жау 4 үйдің 675 шаршы метрін шарпыған. Өрт түскі сағат 14.43-те толығымен сөндірілді.
Алайда өрт болған жерде сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Сондай-ақ, көз жұмған баланың көлікте қалай қалып қойғаны анықталып жатыр.
Дереккөз. ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram