{metadescription}
Баянауылда 9 жасар бала таудан құлап, комаға түсті

Баянауылда 9 жасар бала таудан құлап, комаға түсті

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен бір шақырым жерде тоғыз жасар бала құлап жарақат алды.

Бұл туралы агенттікке туризм бойынша нұсқаушы Марина Каримова айтты.

«Аса жоғары биіктіктен құламаған, төменгі құлаған жерде тастар болған. Ұл бала ата-анасынан бұрын алға қарай жүгіріп кетіп жоғары көтерілген кезде тепе-теңдікті ұстай алмаған. Дәл қай жерде құлағанын білмеймін. Сол жерде болған жігіт көмектеспек болып баланы көтерген. Мұндай жағдайда олай әрекет етуге мүлдем болмайды. Баланы биіктен түсіру үшін көп күш жұмсауға тура келд», - дейді Марина Каримова.

Демалыста зардап шеккен баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында айтып берді.

«Бала санавиациямен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол комада жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Омыртқасына зақым келмеген. Қазіргі таңда компьютерлік томографиядан өтуде», - деді ведомстводан.

Дереккөз: pavlodarnews

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.