Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Қазақстандықтар ұшақпен ұшу бойынша рекорд жаңартты
Соңғы бес ай ішінде 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған.
11:07 11.07.2018
Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасы хабарлады.
Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 млн құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 12%-ға (2,5 млн адам) артық.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.
Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық көрсеткішке жеткен.
Биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құраған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram