Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әжесінің көзін ойып жеп, зорлап тастады
Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы Купчино ауданында есі ауысқан немересі әжесінің көзін ойып жеп, өлген әжесін зорлап тастаған.
18:00 18.07.2018
Бұл туралы "Невские новости" жазады.
Сұмдық оқиға 16-шілдеде болды. Таңертең үйіне оралған қызына ұзақ уақыт ешкім есік ашпаған. Сосын ол құтқарушыларды шақырады.
ТЖҚ қызметкерлері қосымша баспалдақпен пәтердің терезесіне көтеріліп, сұмдық көрініске тап болады: жерде қан-жоса болып 1925 жылғы әжесі жатыр, ал оның жанында состиып немересі тұрған. Оқиға болған жерге жеткен полиция қылмыскерді ұстады.
Белгілі болғаны, әжесін өлтірген немересінің аты Александр. Ол жақында ғана психиатриялық клиникада емделген екен. Туыстары Александрдың есінің дұрыс еместігін біле тұра, оны әжесімен жалғыз қалдырып кетіпті.
Қазір Александр полиция бөлімінде. Енді оны Тергеу комитеті қызметкерлерінің қолына тапсырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram