{metadescription}
Алакөл жағасында әткеншек үзіліп кетіп, балалар зардап шекті

Алакөл жағасында әткеншек үзіліп кетіп, балалар зардап шекті

Алакөл жағасындағы  балаларға арналған әткеншектің шынжыры үзіліп, 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер қатты жараланған.

«Алакөлде алаңсыз демалу мүмкін болмай тұр»,-деп жазады  Альмира Дүйсекенова есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

Су жағасындағы  дүниелердің су жаңа болғанын қайтейін, барлығы қытайдың арзан материалдарынан жасалған. Ойын алаңқайын орнатқан адамдардың кәсіби біліктіліктеріне де күмәнім бар. Мемлекеттік тапсырысты кім орындаған? Балаларды жәдел жәрдем алып кетті, диагноздары әлі белгісіз. Бұл жерде 15 мыңнан артық адам демалып жатса да бірде-бір кезекші жедел жәрдем көлігі жоқ. 15 минуттан кейін келген дәрігерлердің көлігінде  зембілдері де болмай шықты. Жараланған баланы әкесі көтеріп апарып көлікке салды. Алакөлде демалғанда сақ болыңыздар»,- деп жазады ол Фейсбук желісіне.

Ал  Мақаншы ауылындағы ауданаралық аурухананың  бас дәрігері  Нағима Жақиянованың айтуынша,  балалар толық тексеруден өткен.

–  Жаңа ғана жеткізілді. Рентгенге түсірдік, сүйектері дін аман. Балалардың стресстік соққы алғаны байқалады. Жерге құлаған кезде пайда болған сәл дене жарақаттары бар. Ең бастысы бүлдіршіндерді құдай сақтаған,-дейді бас дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, жәдел жәрдем 15 минутта жеткен. Жағалауда 3 медпункт тұр.

-Медпункттер болмаса, жедел жәрдем көлігі 100 шақырым жерден 15 минутта жете алмас еді. Алдымен қоңырау бізге түсті біз жағалаудағы дайын тұрған медқызметкерлерді жібердік. Балаларға шинаның да зембілдің қажеттілігі болмаған,-деді дәрігер.

Көл жағалауындағы құрылысты жүргізген мердігер «ШҚО Үржар ауданы» мекемесі екендігі анықталды. Компания басшысының айтуынша, аспалы әткеншектердің  құрылысы әлі толық аяқталмаған.

-Қауіпсіздік үшін әткеншектердің астына резеңке төсеніштер қойылу керек болатын. Ол жерде әткеншек тебуге болмайды, аспалы шеңберлер  тек қана отыруға арналған, дейді «ШҚО Үржар ауданы» мекемесінің басшысы Ардақ Зарипов.

Дереккөз: Аltaynews.kz


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде