Денис Тенмен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болды
Денис Тенмен қоштасу рәсімі Алматыда өтеді.
10:30 20.07.2018
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді.
Қоштасу рәсімі сағат 10-00-де Балуан Шолақ спорт сарайында басталады.
Айта кетсек, қоштасу рәсімін Алматы әкімдігі мен министрлік ұйымдастырады.
Естеріңізге салсақ, Денис Тен пышақтан алған жарақатымен ауруханаға 19 шілде күні түс кезінде жеткізілген болатын. Алматы қалалық ІІД-нің мәліметтері бойынша, белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрламақ болған. Оқиғаның үстінен түскен спортшыны ұрылар жамбасынан жарақаттаған. Спортшы 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалады. Кешірек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов спортшының қаза болғандығын жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!