{metadescription}
Тал түбінен табылған балаға тағы ота жасалады

Тал түбінен табылған балаға тағы ота жасалады

Тал түбінен табылған баланың бас сүйегіне жарты жылдан соң тағы ота жасалады.

Төрт жарым жасар баланың бас сүйегі 3-6 айдан соң жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Дәрігерлердің айтуынша, балаға 3-6 ай көлемінде қайта ота жасалады. Хирургтар баланың бас сүйегін қалпына келтіретін болады. 

«Алған жарақаты өте ауыр болғандықтан оған ұзақ уақыт оңалту шараларынан өту керек. Біздің ауруханада емдеу хаттамасы бойынша мұндай пациенттер 14-21 күн ем алады. Әлбетте, толығымен жазылып кетпейді. Бала ем алған соң 2 апта-1 айдай демалып, қайта ауруханаға жатқызылады, сөйтіп оңалту ем алады. Қазір баланың бас сүйегінің орны ашық, тек терімен жабылып тұр. 3-6 ай аралығында сүйек қайта орнына салынып, жабылуы керек. Сонымен баланың жағдайы жақсаруы тиіс», - деді Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов.

Оның айтуынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты. 

«Бала анасымен бірге. Есін біледі, сұраққа жауап бере алады. Алған жарақатына байланысты аяқ қол гемипарезі, сөйлеуінің бұзылысы бар. Бала өзі тамақ ішеді. Ата-анасын таниды», - деді орталық нейрохирургы Николай Дьяченко. 

Мамандардың айтуынша, баласы мен анасы ауруханада тегін кепілдендірілген медициналық көмек есебінен емделіп жатыр. 

«Мұндай жарақат өте ауыр жарақат түріне жатады. Үнемі осындай асқынулар болып тұрады. Біздің міндет - асқынуларды барынша азайту. Жарақаттан соң вегетативті, сөйлеу, қозғалыс бұзылыстарының болуы - қалыпты жағдай. Оларды болдырмауға барынша тырысамыз», - деді Николай Дьяченко.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде