Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Балалар порносын түсіріп жүрген педофилдер тобы әшкереленді
Мәскеуде бірнеше жыл қатарынан балалар порносын түсіріп жүрген педофилдер тобы әшкереленді.
14:50 26.07.2018
Төрт педофил жасөспірім балалардың қатысуымен порнографиялық бейнематериал түсірумен айналысқан. Бұл туралы Mash телеграмм-арнасы жазады.
Балалар порносын түсірді деген күдікпен Сергей.Е-ні ұстағаннан кейін, басқа да оның сыбайластарын ұстауға мүмкіндік туды. Олардың пәтерінде көптеген бейнероликтер табылды. Сол роликтерді қарағанда Сергейден басқа тағы да үш еркектің бар екені анықталды.
Тергеу кезінде анықталғаны, еркектер жасөспірім ұлдармен танысып, олардың қатысуымен видео түсіріп, кейде ақша төлеп тұрған. Түсірілген материалдарды сатылымға шығарып отырған. Кейбір бейнежазбаны өздеріне қалдырған. Педофилдер бандысы Мәскеуде екі жыл бойы аталмыш іспен айналысып келген. Осы уақыт ішінде балалардың қатысуымен жүзге жуық порнографиялық видеоматериал түсіргені анықталды.
Сергейді қолға түсірген соң оның сыбайластары қашып кетті. Оларды қазір полиция іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram