{metadescription}
Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты

Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шықты

«Шекарадан заңсыз өтті» деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты сот үкім шығарды.

Сот Сайрагүл Сауытбайды ҚР ҚК 392 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 6 ай бас бостандығынан айырып, 63 бабының негізінде оны бас бостандығын шектеуге ауыстырып, сот залынан босату туралы үкім шығарды.

Қытайда қысастық көрдім деп ақталған қандасымыз 44 мың юань парамен шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін қағазды алған. Қорғас бекеті арқылы бергі бетке өткен соң оны 23 маусымда Алматы облысы Бәйдібек ауылында жатқан жерінен құзырлы орган қызметкерлері алып кеткен. Содан бері талай тергеліп, жауапқа тартылды.

Оның шекараны кесіп өтуі аса ауыр қылмысқа жатпайды. Бұл жерде жұрттың ұлардай шулауына Сайрагүлді Қытайға кері қайтарса ату жазасына кесіле ме деген қауіп еді. Шырылдаған келіншектің бастан кешкені мемлекеттік айыптаушының өзін толқытқандай.

 Прокурор Сайрагүл Сауытбайды шартты түрде сот залынан босатуды сұрап, өтініші айыпталушының адвокатымен үндес шықты. Осылайша, айыптан бұрын ана зарын ескерген прокурор қошеметке ие болды.

Толығырақ КТК телеарнасынан сағат 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
 

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде