{metadescription}
Тамызда жұлдыздар аққан түнді тамашалаймыз

Тамызда жұлдыздар аққан түнді тамашалаймыз

Тамыз айының алғашқы онкүндігінің соңында метеор жауынын тамашалау мүмкіндігі туады. 

Бұл құбылыс ең қарқынды метеор ағыны – Персеид деп аталады екен.

Персеид ағыны 17 шілде мен 24 тамыз аралығында белсенді. Көбінесе бұл құбылыс 12 тамыздан 13-не қараған түнге келеді. Бір сағат ішінде 60-100 метеорға дейін санауға болады.

Көздің жауын алатын керемет құбылысты қала сыртында, жасанды жарықтан аулақ жерде тамашалаған жөн. Егер жұлдыз жауған түні ай жарық болса, метеор ағынының тек ең жарықтарын ғана көруге болады.

«Метеор жауыны» немесе метеор ағыны – құйрықты жұлдыз (комета) сынықтары. Халық  аузында оларды «ақпа жұлдыздар» деп атайды. Адамдар арасында әркімнің өз жұлдызы болады, ол туған күні аспанда жұлдызы да туып, өмірден қайтқанда жұлдызы да сөніп,  ағып кетеді деген түсінік бар. Ал ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, жұлдыздардың ағуы адамдардың өмірімен байланысы жоқ. Шындығында, аспаннан ағып түсетін, тіпті, жұлдыз да емес.

Кеңістікте өте үлкен жылдамдықпен жұлдыздың  қатты  сынық-бөлшектері ұшып жүреді. Олар күн төңірегінде шапшаң  айналған кезде, Жер бұлармен жиі кездеседі. Ұшып келе жатқан қатты зат жердің ауасын зор шапшаңдықпен кесіп өткен сәтте қатты қызып, тұтанады. Осылайша ол ұшып бара жатқанда соңынан жарқыраған із қалдырады екен.

Дереккөз: altaynews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.