{metadescription}
Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты салдарынан қырық жастағы ер адам қаза тапты, тағы бір адам зардап шеккен.

Астанада сенбі күні жантүршігерлік жол апаты болды: жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан.

Ішк істер департаменті хабарлағандай, бастапқы деректер бойынша, Mercedes жүргізушісі Пушкин көшесі жақтан Байырқұм көшесімен келе жатып, кері бұрыла бергенде КамАЗ көлігіне соғылған.

Қатты соққыдан көліктер қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, тағы бір машинамен соқтығысады.

Салдарынан Mercedes көлігінің қырық жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды, жүргізуші аурухана жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.