{metadescription}
Ер адам ашынасын еттартқыштан өткізіп, өзенге лақтырып жіберген

Ер адам ашынасын еттартқыштан өткізіп, өзенге лақтырып жіберген

Жас әйел жоғалып кеткеннен кейін екі апта өткен соң жергілікті тұрғын оны өлтіргенін мойындады.

Ресейдің Губаха қаласында тұратын 27 жастағы Татьяна Мелехина 22 шілдеде жоғалып кеткен. Содан бері екі апта өткен соң, жергілікті тұрғын ашынасын өлтіргенін мойындады.

Мелехина Пермь қаласына көшіп, сонда жұмыс істеуді жоспарлап жүріпті. 36 жастағы досы Дмитрий Зеленский әйелге қол ұшын беріп, апарып салмақ болған екен. Содан бері Татьяна ізім-ғайым жоғалады.

Арада екі апта өткен соң еріктілер іздеуді тоқтатқанын мәлімдеді. Өйткені Зеленский жас әйелді өлтіргенін мойындапты.

Қылмыскердің өзі айтқандай, әуелі әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген. Кейін біраз бөлігін өзенге лақтырып, қалғанын унитазға тастап, ағызып жіберіпті.

Ер адамның қылмыс жасауына не түрткі болғаны жарияланған жоқ. Алайда Татьянаның әкесі айтқандай, жігіт сүйіктісін үнемі қызғанып жүреді екен. Ал өзі болса үйленген, кішкентай қызы бар көрінеді. 

Қазір де күдікті ұсталған. Тергеу комитеті істің мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде