{metadescription}
Сиырға соғылып  мерт болды

Сиырға соғылып мерт болды

Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерді «Мал айдау» жол белгісіне назар аударуға шақырады.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Сарыкөл ауданында Алматы-Екатеринбург тасжолының бойында 35 жастағы мотоцикл жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан сиырлармен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан «Сузуки» мотоциклінің жүргізушісі дене жарақаттарын алды. Ол аудандық аурухананың хирургия бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы(«Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жәбірленуші сиырларды «Мал айдау» жол белгісі орнатылған тұста соққан. Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерді аталмыш жол белгісіне назар аударуға шақырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде