ВИДЕО: Головкиннің жекпе-жек алдындағы жаттығуы көрсетілді
Головкиннің Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында жаттығуының видеосы жарияланды.
13:14 12.08.2018
Желіде орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесудің алдында қазақстандық боксшының жаттығу кезінде түсірілген видеосы пайда болды.
Youtube желісіндегі Behind The Gloves каналында жарияланған видеода Головкиннің Калифорниядағы Big Bear лагерінде жаттығып жатқаны түсірілген.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кіл мықтыны анықтай алмаған еді.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!