Суға батқан көлік жолаушылары ағашқа өрмелеп, аман қалды
Суға батқан көлік жолаушылары ағашқа өрмелеп, аман қалды

Суға батқан көлік жолаушылары ағашқа өрмелеп, аман қалды

Суға батып бара жатқан автокөліктен секіріп, ағашқа өрмелеп шығып кеткен екі адам екі сағат бойы құтқарушыларды күткен

«Саяхатшылар Пржевальскі жартастарынан қайтып келе жатқан. Екатериновка ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан көпірден өте берген кезде олардың автокөліктері суға бата бастаған. Ер адамдар бірден көліктен секіріп, ең жақын тұрған ағашқа өрмелеп шыққан. Көлік ішіндегі бар мүлікпен, құжаттармен суға құлаған», делінген хабарламада.

Ведомоствода мәлім еткендей, зардап шеккен азаматтардың көмекке шақырған дауыстарын жақын маңда орналасқан кәсіпорынның күзетшісі естіп, дереу құтқарушыларға хабарлаған.

Аман қалған туристер екі сағат бойы ағашқа ілініп тұруға мәжбүр болғандарын айтты. Ер азаматтың біреуі суда жүзе алмайтындықтан қасындағының көмегімен аман қалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.