Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында әйел люкке құлап кеткен
Алматы облысында егде жастағы әйел көшедегі люктің ішіне құлап кетіп, аман қалды.
15:40 18.08.2018
Оқиға Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы Қонаев көшесінің бойында болған. Ал әкімдік люктің қақпағын ұрылар қолды еткенін жеткізді.
Жергілікті тұрғындар шұңқырдың ішінде 2 сағаттан астам уақыт қалып қойған әйел адамды өздері шығарып алған. Артынша дәрігерлер келіп, зардап шегушінің денсаулығын тексерген.
«Азаматша ауруханаға жатқызылмады. Аяқ-қолы ғана сәл сырылған. Бүгін Бақтыбай ауылының әкімдік өкілдері ол кісінің үйіне барып, жағдайын білмек болып еді азаматша үйінде болмай шықты. Қазір люктің беті жабылды», - деді Ескелді аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Шоқан Асылханов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram