Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында саяхаттап жүрген туристер соққыға жығылды
Алматы облысында саяхаттап жүрген туристерге Қапал ауылының жергілікті тұрғындары тап беріп, соққыға жыққан.
16:23 18.08.2018
Оқиға болған сәттегі бейнежазбаны туристердің бірі агенттік тілшісіне жолдад.
43 секундтқа түсірілген видеода белгісіз азаматтың көліктің ішіне кіріп, адамдарға былапыт сөздер айтып, балағаттап жатқанын көруге болады.
«Біз Қапал ауылындағы дүкенге сусын алуға кіргенбіз. Ішімдік ішіп алған жігіттер келіп, бізге жөнсіз тисе бастады. Соңында олардың саны тіптен көбейіп кетті. Өзіміз түсінбей қалдық не болғанын. Біз олармен төбелескен жоқпыз. Ал бізге тап берген жігіттер ішімдік ішіп алған. Қазір бірнеше туристің беттері көгеріп қалды»,- деді атын атамауды өтінген туристердің бірі, оқиға куәгері.
Қазір туристер саяхаттарын Сарқан ауданында жалғастыруда. Үрейленіп қалған олар бұдан былай Қапал ауылына бармайтындарын жеткізді.
Ал Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған факті бойынша іс қозғалғанын растады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram