Жұмысқа тұрмақшы болған әйел баласынан айырылып қалды
Мәскеу қаласының маңындағы Ступино қаласында бес жасар бала анасы жұмысқа орналасып жатқанда қаза тапты.
12:45 22.08.2018
Бұл туралы Мәскеу облысы бойынша тергеу комитеті хабарлады.
Анасы ұлын көлікке отырғызып кеткен. Терезелерін жауып, есігін кілттеп, өзі жұмысқа тұру үшін кетіп қалады. Қайта оралып келгенде баласының жансыз денесін тауып алған. Болған жағдайды көрген 35 жастағы әйел 2 сағат есін жимай, өз-өзіне әзер келген.
«Ступинская панорама» жергілікті басылымның мәліметінше, көлік ішінде балаға ауа жетпей, қайтыс болған.
Бүгінгі таңда балаға немқұрайлылықпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!