Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда украиналық телеарналар ашылуы мүмкін
Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулеба украиналық телеарналарды ашуға қатысты пікір білдірді
18:00 22.08.2018
«Қазақстандағы украин диаспорасы өз елінің телеарналарын көре алмай жүр. Біз осы салада жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі кезде Қазақстан жерінде украин тілінде бірде-бір арна, бірде-бір бағдарлама жоқ. Осыған байланысты мен кабельді желілердің иелеріне xат жолдап, бейтарап ұстанымы бар кез келген арнаны қосуды сұрадым. Ақпараттық арна болса да жеткілікті», - деді И.Кулеба журналистерге берген сұxбатында.
Елішінің сөзіне қарағанда, ресми мәлімет бойынша Қазақсанда 300 мың украин тұрады. Бірақ олардың саны одан да көп болуы әбден мүмкін.
«Біз Астанада мәдениет күндерін өткізуді көздейміз. Бұдан бөлек, астаналықтарға Тарас Шевченконың ескерткішін сыйлауды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті И.Кулеба.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram