{metadescription}
Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 7-ші күміс медаль түсті
Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 7-ші күміс медаль түсті.
13:28 24.08.2018
ҚР ҰОК мәлім еткендей, қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Бублик Азия ойындарында күміске қол жеткізді.
Теннистен ерлер арасындағы жұптасып өнер көрсеткен спортшыларымыз финалда үндістандық спортшыларға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Қарсыластарымыз 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бұл біздің теннисшілердің Азия ойындарындағы екінші медалі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!