Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сенатор Джон Маккейн өмірден озды
Америкалық сенатор Джон Маккейн 81 жасында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды.
11:23 26.08.2018
"Сенатор Джон Сидни Маккейн III 2018 жылы жергілікті уақытпен 16:28-де қайтыс болды",-делінген заң шығарушының аппараты таратқан мәлімдемеде.
Сондай-ақ онда марқұмның өмірмен қоштасар сәтінде жанында отбасы мүшелерінің болғаны айтылады.
Сенатор аппаратындағылар «Маккейннің 60 жыл бойы Құрама Штаттарға адал қызмет еткенін» атап өтті. Саясаткердің қайтыс болуына байланысты республикалықтар да, демократтар да көңіл айтуда.
24 тамызда сенатордың отбасы Маккейн дерттің асқынуына байланысты ем қабылдауын тоқтатқанын мәлімдеген еді.
АҚШ сенаторының диагнозы туралы 2017 жылы 19 шілдеде жарияланған. Маккейннің өкілдері онда сол жылғы 14 шілдеде Финикс қаласындағы (Аризона штаты) медициналық орталықтың хирургтері сәтті ота жасағанын, сенатордың сол көзінен ұйысқан қанды алып тастағанын хабарлаған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram