{metadescription}
Алматы облысында іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

Алматы облысында іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды

Алматы облысында іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталды .

Алматы облысының полицейлері соңғы тәулік ішінде қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуге жарияланған Өзбекстанның екі азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, екеуі де Өзбекстан тарапы жолдаған бағдарға сәйкес анықталып, Іле және Талғар аудандарында қамауға алынған. «Талғарда Хорезм облысының құқық қорғаушылары іздеу жариялаған Өзбекстанның 44 жастағы азаматы ұсталды.

Сондай-ақ, Іле ауданының аумағында Хива аудандық сотының шешімімен өзбек әріптестеріміз іздестіріп жүрген 24 жастағы жігіт қолға түсті. Ұсталған тұлғалар қамауға алынып, қылмыс жасаған жерлеріне экстрадицияны күтуде»,- деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, полицейлер Алакөл ауданында Қырғызстан Республикасы ұрлық жасағаны үшін іздеуге жариялаған 34 жастағы отандасымыздың ұсталғанын атап өтті.


 

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде