{metadescription}
Головкин үздік бес боксшының қатарына енді

Головкин үздік бес боксшының қатарына енді

Америкалық рэп орындаушысы және бокстың жанкүйері Глассес Мэлони қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) тарихта алатын орнына қатысты пікір білдірді.

«Соңғы 25 жыл ішіндегі орта салмақтағы боксшылардың ТОП-5 тізімі: Рой Джонс, Бернард Хопкинс, Геннадий Головкин, Джермейн Тейлор, Серхио Мартинес», - деп жазды Мэлони Твиттер парақшасында.

Сондай-ақ, ол Головкинді үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионымен салыстырып:

«GGG - қазіргі заманның Майк Маккалумы»,- деді.

Геннадий Головкин IBF, WBA Super, WBC  және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болған еді. Алғашқы титулын міндетті қорғаныстан бас тартқаннан кейін Халықаралық бокс федерациясы алып алса, қалған үш титулынан боксшы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өткен рематчта айырылып қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.