{metadescription}
Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол-көлік апаты салдарынан екі адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Бүгін Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 35 жастағы Mercedes-Benz автокөлігі Карл-Маркс көшесінің бойымен Винницк көшесіне қарай келе жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 29 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volkswagen Passat көлігіне соғылды.

Volkswagen Passat жүргізушісі мен осы көлікте отырған 50 жастағы жолаушы оқиға болған жерде көз жұмды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Аталған фактіге сәйкес, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

"35 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Көп жері сынып, түрлі жарақат алған. Дәрігерлер шокқа қарсы терапия жүргізіп жатыр. Кейінірек ота жасауды бастайды", — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Көлік жылқыға соғылып, бір адам өлді. Тағы екі адам ауруханаға қаралғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Бір ер адамның қол сүйегі сынып, көптеген жарақат алған. Қолы гипспен таңылды. Бұдан былай тұрғылықты мекенжайы бойынша қаралып отырады. Үшінші жәбірленушінің жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде