{metadescription}
Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы өседі

Қазақстанда 2019 жылдан бастап зейнетақы өседі

2019 жылдың басында ынтымақты зейнетақының индексациясы жүргізіледі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы инфляция деңгейінен 2 процентке артық көрсеткішпен индекстеледі. Биыл біз индексацияны 9%-пен жүргіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне тағы 2% қосып, индексация жүргіземіз», — деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы Қазақстанда зейнетақы ТМД елдеріне қарағанда едәуір жоғары екенін атап өтті. 

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілгенін білесіздер. Орташа есеппен базалық зейнетақы 67%-ке өсті. 1 миллионға тарта зейнеткер базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде алады. Яғни олар үшін зейнетақы екі есеге өскен. Қазір Қазақстанда зейнетақы мөлшері барлық көршілес, ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыны есепке алғанда) 101 мың теңгені құрайды», — деді ол. 

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде