Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Алматыда жүйіткіген Nissan үш көлікті қақты
Алматының Орталық стадионы маңында жүйіткіген Nissan 3 көлікті қақты.
Фото: Қазақпарат
09:20 01.10.2018
Жол апаты Сәтбаев көшесінің бойында Орталық стадионға жақын маңда болды. Инкассаторлық машина мен BMW жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, олар Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай бет алып келе жатқан. Кенеттен жолдың арғы бетіндегі Hyundai қарама-қарсы келе жатқан инкассаторлар мен BMW-ны соққан. Сондай-ақ батыс бағытта Сәтбаев көшесінен бұрылуға Nissan көлігі дайындалып тұрған. Hyundai бұл көлікті де қағып өткен.
Оқиға орнына жеткен жәдел жәрдем бригадасы зардап шегушілерді тексеріп шығып, Hyundai-дің жүргізушісін ауруханаға алып кетті. Nissan мен BMW-ның иелері ауруханаға барудан бас тартты.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram