Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар смартфон мен планшеттің өлімге әкелетін қаупін айтты
Ғалымдар смартфон мен планшеттің өлімге әкелетін қаупін айтты. Зерттеушілердің айтуынша, гаджеттер адамның дамуына кері әсерін тигізеді.
14:20 01.10.2018
CHEO Зерттеу институтының ғалымдары балалар мен жасөспірімдер қолданатын электрондық гаджеттер мидың белсенділігін төмендетіп, қалыпты дамуына жол бермейтіндігін анықтады, деп жазады Daily Mail.
Ақыр соңында гаджеттер ұйқысыздықты, жүйке және психикалық бұзылуды тудыруы мүмкін.
Зерттеушілердің айтуынша, 20 баланың 1-еуі ғана гаджетті тиісті мақсатта пайдаланады екен. Ал қалғандары тиісті уақыттан тым көп мөлшерде қолданып, күн тәртібін бұзады. Дәрігерлер кеңесіне құлақ аспаған балаларды тестілеу олардың ақыл-ой қабілеттерінің төмендегенін, сондай-ақ денсаулығының нашарлағанын анықтады.
Мобильдік құрылғылар арқылы Интернетті және әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолданғандар арасында психикалық бұзылыс байқалған. Ал ол өз кезегінде күрделі емдеуді қажет етеді, - дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram