{metadescription}
Германия билігі Қазақстан азаматының баласын тартып алды

Германия билігі Қазақстан азаматының баласын тартып алды

Қызын жазалағаны үшін Германия билігі Қазақстан азаматының кішкентайын тартып алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл жағдай бірнеше апта бұрын болған. Қазіргі таңда баланың анасы сотқа жүгіну үшін адвокатпен бірге барлық құжаттарды жинап жатыр. Германиядағы ережеге сәйкес, ата-аналар баласын жазаламауы керек. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жеткіншек қыз балалар үйінде. Отбасын бір-бірімен қауыштыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Біздің консул балаға барып қайтты, анасымен де тікелей байланыста», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Оның айтуынша, «неміс билігінің мәліметіне сәйкес, анасы баласын мектепке барар алдында жазалаған-мыс. Өз кезегінде кішкентай қыз ол туралы мектепке айтып барған». 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде