Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жәнібек Әлімханұлына лақап ат берілді
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына (3-0, 1 КО) никнейм берілді.
17:56 03.10.2018
Боксшының BoxRec сайтындағы профилінде лақап аты ретінде Johnny 2 Guns (Джонни екі оқпан) деп көресітлеген. Мұның алдында Жәнібек атының ағылшынша жазылуындағы алғашқы әрпін Zh-тан J-ге ауыстырған (Janibek).
Соңғы рет Әлімханұлы 28 қыркүйек Окландта жұдырықтасып, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галванды жеңді. Бұл қазақстандықтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.
Осылайша, 25 жастағы боксшы үш жекпе-жегінің үшеуінде де жеңіске жетті (біреуі нокаутпен). Ал 27 жастағы Галван сегізінші рет жеңілді (16 жеңісінің он бесі нокаутпен, бір рет тең түскен). 3 қарашада Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында 32 жастағы "Айуан" лақап аты бар америкалық Вон Александермен (12-1, 8 КО) жұдырықтасады.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram